Accessibility links

Иранның ядролық мәселесі қалай шешілмек?


ТЕҺРАН. Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған мәселені шешу мақсатында дипломатиялық әрекеттер одан әрі жалғасуда. Бүгін Брюссельде Иранның ядролық мәселелері бойынша өкілі Жавад Ваеди Британия, Германия және Франция өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар, бүгін Лондонда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесінің сыртқы істер министрлері де Иранның ядролық мәселесін талқыламақшы. Бұл жиынға, сондай-ақ, Германияның ресми өкілі қатысады. Израильге сапары барысында, Германия канцлері Ангела Меркель егер Иран ядролық қару шығаратын болса, онда ол бүкіл әлемге қауіп төндіреді деген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG