Accessibility links

Ислам елдері Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізген Дания газетін кешірім сұрауға мәжбүр етті


КОПЕГАГЕН. Данияның бір газеті мұсылмандардың ар-намысын қорлайтын Мұхаммед пайғамбар туралы мультфильмді басып шығарғаны үшін кешірім сұрайды. Күнделікті шығатын "Jyllands-postтen" басылысымының редакторы келемеж суреттер Дания заңына қайшы емес, бірақ қаншама мұсылманның арына тиді, сондықтан да газет кешірім өтінеді деп атап көрсетті. Дат премьері Андерс Фог Расмуссен газеттің кешірім сұрауы – алғаш рет қыркүйек айында басылған келемеж суреттерден шыққан жанжалды басуға өз үлесін қосар деп үміттенетінін айтты. Бірақ ол “үкімет тәуелсіз басылымдарға жөн сілтей алмайды” деген уәжбен Дания халқы атынан мұсылмандардан кешірім сұрамады. Данияның сыртқы істер министрлігі ислам елдеріне барған халқын сақ болуға үндеді. Дания басылымдарында шыққан келеке суреттер бірқатар ислам елінің ащы наразылығын туғызып, дат тауарларына байкот жарияланды.
XS
SM
MD
LG