Accessibility links

Әлемнің жетекші елдері мен ұйымдары Ауғанстанға қаржылай көмек беруге кепілдік беруге тиіс


ЛОНДОН. Бүгін 70-тен астам ел мен халықаралық ұйымның өкілдері Ауғанстанның экономикасын қалпына келтіру мен реформаларға арналған “Лондон конференциясына” жиналады. 2-күндік форумда Ауғанстанның экономикалық дамуы мен оның қауіпсіздігін нығайтуға, сыбайластық жемқорлық пен заңсыз есірткі өндірісіне қарсы күреске арналған 5 жылдық жоспар мақұлдануға тиіс. Демеуші елдер мен ұйымдар ауған үкіметіне осы жоспарды жүзеге асыруына қажетті қаржы бөлуге кепілдік бермекші. Ресей Ауғанстанның совет дәуірінен қалған 10 млрд. доллардай қарызын кешіруге дайын екенін мәлімдеді. Кеше, сондай-ақ, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс та Вашингтон Ауғанстанда “атүсті қараған” бұрынғы қателігін ескереді деп сендірді. Лондонда АҚШ Ауғанстанға қанша қаржы бөлетінін жариялайды. Конференция ауған президенті Х.Қарзай, британ премьері Т.Блэр және БҰҰ-ының бас хатшысы К.Аннанның төрағалық етуімен өтеді.
XS
SM
MD
LG