Accessibility links

Иран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша ісінің БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне берілуінің заңды негізі жоқ дейді


Тегеран. Бүгін таңертеңгісін Лондонда Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі Иранның ядролық мәселесі Кеңестің күн тәртібіне шығарылуы тиіс деген келісімге келді. Алайда олар, демек, АҚШ, Қытай, Ресей, Франция және Британия наурыз айында Халықаралық атом энергиясы агенттігінің жаңа хабарламасы жарық көргенге дейін Қауіпсіздік кеңесінің күте тұрғаны жөн деп мәмлелесті. Ал Иранның ядролық мәселелер бойынша бас келісімгері Али Ларижани бүгін мемлекеттік теледидардан сөйлеген сөзінде мүмкін болатын санкциялар салыну үшін Иран мәселесінің Қауіпсіздік кеңесіне берілуі- дипломатиялық күш-жігердің бәрін тоқтатады деп мәлімдеді. Иран осы айдың басында өзінің уранды байыту ісін қайта бастағандығын жариялаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG