Accessibility links

Иран егер өзінің ядролық бағдарламасына қатысты мәселе Қауіпсіздік Кеңесіне берілетін болса, алдағы сенбіден бастап ядролық нысандарына БҰҰ-ның зерттеушілерін жіберуді тоқтатып, уран өндіруді қайта қолға алатындықтары туралы мәлімдеді


БҰҰ-ындағы АҚШ дипломаты бұл қадам қосымша қателік болып, келешекте Иранның халықаралық тараптан оқшауланып қалуына соқтырады деді. Сейсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі - Құрама Штаттар, Британия, Франция, Ресей мен Қытай және Германия өкілдері Лондондағы келіссөздерінде, Иранның ядролық бағдарламасына орай санкциялар қарастыру үшін бұл мәселені Қауіпсіздік Кеңесінде беруге келіскен болатын. Енді бұл жағдай бейсенбі күні Халықаралық Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің отырысында қаралатын болады. Иран осыған дейін МАГАТЭ-нің Техран уранды байыту арқылы құпия түрде ядролық қару жасамақшы дегенін жоққа шығарып, уран байыту істерінің бейбіт мақсатқа пайдаланатынын айтқан.
XS
SM
MD
LG