Accessibility links

Даниялық газетте жарық көрген, Пайғамбар Мұхамед ғ.с-ды мазақ қылған оқиға төңірегіндегі жанжал ушығып барады


Исламдық елдер мен құрылымдар бұл даниялық басылымға ашулы болып отыр. Өткен жылдың қыркүйек айында Данияның газетінде жарияланған 12 карикатураның бірінде, Мұхамед пайғамбарға бомба үлгісінде сәлде тағып қойған. Оған наразы болған Сирия мен Сауд Арабия Даниядағы елшілерін қайтарды, ал Ливия Дания астанасы Копенгагендегі елшілігін жапты. Сонымен қатар, мұсылмандар көп тұратын Индонезия мен Малайзияда наразылық шерулері өтті. Шешендердің дала қолбасшысы Шамиль Басаев оны кемсітушілік деп атаса, Ресейдегі Ортодокс шіркеуі мен Мұсылмандар мүфтиі бұл карикатураны көшіріп басқан газеттерді де айыптады. Оны Франция, Италия, Германия, Норвегия және Испаниялық газеттер көшіріп басқан. Бүгін Франция газетінің бас редакторы ол басылымдар толығымен өртенгенін хабарлап, газеттің менеджерлік директорын орнынан алатынын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG