Accessibility links

Баспасөзге шолу. 02.01.2006 жыл

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Ақпанның 1-күні жарық көрген қазақстандық басылымдарда негізінен ел экономикасына қатысты және қаңтар айында бірқатар тауарлардың қымбаттағандығы жөнінде мақалалар жарияланыпты.

Сәрсенбі күні жарық көрген «Айқын» газеті Қазақстан ғалымдарының сирек металдар жөніндегі ұсынысы жерде қалып, ел экономикасының осы саласында қордаланып қалған проблемалардың күрделене бастағандығын айтады. Дамыған елдердің экономикасында өндірістің бұл саласы ерекше пайдалы екеніне, демек сирек металдарға бай Қазақстанның бұл саладағы өнімдері өте өтімді тауарларға жататындығына мақала авторы Жұмабек Жанділдин сараптама жүргізеді. Оның пікірінше, сирек металдар экспорты Қазақстанға мұнай кірісінен де көп пайда келтіретіндігіне аталған металдың бір грамы бірнеше мың АҚШ долларымен бағаланатындығында. Алайда әлі күнге мұндай өндіріс жайлы, мұндай тауарлардың экспорты жайлы Қазақстан халқы ештеңе білмейді дейді мақала авторы. Ал бұл жөнінде ҰҒА-ның академигі Әбдірәсіл Жәрменов: «Қазақстанда өндірілетін көптеген металл стратегиялық маңызға ие. Олар темір, алюминий, қалайы немесе мыс емес. Біз қорғасын, мыс өндірісі түгілі алтын кеніштерне де шетелдік инвесторларды жібердік. Алайда сирек металға шетелдік инвесторлардың билігін тоқтатып, бұл бай өндіріс тек мемлекеттің монополиясында болуға тиіс. Себебі, сирек метал Қазақстанға пайда әкеліп қоймай, ең бастысы халықаралық аренада саяси бедел әперетін маңызды сала» - дейді. Осы ретте мақала авторы Жұмабек Жанділдин Қазақстан ғалымдары сирек металдар өндірісінде пайда келтірер еді, бірақ олардың ұсынысына мән беріп жатқан ешкім жоқ деген тұжырым жасапты.

Ал ақпанның алғашқы күні жарық көрген санында «Литер» газеті қаңтар айындағы ел экономикасында айрықша байқалған екі жайтты атап көрсетіпті. Оның біріншісі инфляцияның айтарлықтай байқалғаны болса, екіншісі АҚШ долларының бағамы үздіксіз түсіп отырғандығы. Бұл ретте соңғы төрт апта бойы ұдайы арзандай берген АҚШ долларының бағамы маусым сайынғы үйреншікті жайтқа айналған инфляциядан гөрі маңыздырақ болып отыр дейді мақала авторы Анель Дәулетқалиева. Оның пікірінше, бұл жағдай өткен жылы да көрініс бергенімен биылғы жылдағы АҚШ доллары бағамының біршама түсіп кеткені Қаржы министрлігі қазыналық комитетінің шетелдік арнайы есеп шотындағы қаражатының кемігендігінде болуы мүмкін. Және де алдағы уақытта да оның сол қалпында қала беретіндігіне ешкім уәде бере алмайды дейді мақала авторы. Сондықтан АҚШ долларының бағамы бұдан кейін де кеми беретіндігі жөнінде болжам жасауға негіз бар дейді Анель Дәулетқалиева.

Сондай-ақ сәрсенбі күні жарық көрген санында «Экспресс К» басылымы ел экономикасында отандық бірқатар қаржылық институттары мен қатар бизнес құрылымдары да шетелдік қауымдастықтардағы өз ұстанымдарын нығайта бастағандығы жөнінде мақалалар жариялапты. Айталық Қазақстан даму банкі Ресей, Украйна және Тәжікстанда бірқатар жобаларды қаржыландырмақ. Мұндағы инвестиция көлемі де қомақты 200 миллион АҚШ доллары көлемінде. Бұл ретте Қазақстан даму банкінің төрағасы Қамбар Шалғымбаев атап өткендей, шетел экономикасы қаржыландырылмайды, ондағы қазақстандық кәсіпкерлердің ісі мен ел үкіметінің шетелдердегі кәсіпорындары аталған банк несиесін алмақ. Және де қазақстандық бизнестің бүкілресейлік көрме орталығынан өз орныдарын алуға мүмкіндік ашылғандығы жөнінде де басылым атап өтіпті. Бұл жетістікке қол жеткізуге Қазақстанның сауда өнеркәсіп палатасы көп еңбек сіңіріп жатқан көрінеді.

Сонымен қатар ақпанның бірі күнгі санында «Егемен Қазақстан» газеті де Сауда-өнеркәсіп палатасы ең алдымен елдегі билік пен бизнестің арасында алтын діңгек, дәнекерші бола алғандығы аталған құрылымның өз міндетін атқарып отырғандығының көрінісі деп жазады. Онда негізінен Қазақстандағы екі жүз елу кәсіпорынды біріктіретін Сауда-өнеркәсіп палатасы енді елдің шалғайдағы елді мекендеріндегі кәсіпкерлердің құқын қоғап, оларға барынша көмектесуді қолға алатындығы айтылған.

Дейтұрғанменде «Аргументы и факты Казахстан» апталығы өзінің соңғы санында жаңа жылдан бастап Қазақстанда бірқатар тауарлардың қымбаттағандығын жазады. Онда азық-түлік - 8,7%-ға, газ - 32,5%, орталық жылу жүйесінің қызметі - 14.2%-ға, бензин - 8,5%-ға қымбаттағаны айтылған.
XS
SM
MD
LG