Accessibility links

Тәжікстанда қар көшкіні адам қазасына себеп болды


ДУШАНБЕ. Бүгін Тәжікстанның төтенше жағдайлар бойынша министрлігі хабарлағандай, елдің шығысында болған қар көшкінінен 20 адам қаза тапты. Қар көшкіні бүгін түнде Жигатал ауданы маңындағы ауылды басқан. Министрліктің айтуынша, 2 адам хабарсыз жоғалған, олардың аман қалуына ешқандай үміт жоқ. Территориясының басым бөлігін тау құрайтын Тәжікстанда қыста қар көшкіні жиі болып тұрады.
XS
SM
MD
LG