Accessibility links

М.Ахмади-Неджад (Иран): “Ядролық энергия өндіруге – Иран халқы құқылы”


ЛОНДОН. Бүгін британ сыртқы істер министрі Джек Стро Иранның өзінің ядролық міндеттемелерін орындауына “ақырғы мүмкіндік” берілді деп мәлімдеді. Осы дүйсенбіде БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Иранның “ядролық ісін” Қауіпсіздік Кеңеске жолдау туралы шешім қабылдауына келісті. Қауіпсіздік Кеңес Иранға жаза қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін. МАГАТЭ “Иран мәселесін” ертең қарауға тиіс. Джек Стро Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақимен бүгін кездеспекші. Иранның атом электр стансасы салынып жатқан Бушер қаласында бүгін сөйлеген сөзінде президент Ахмади-Неджад Батыстың қысымына мойынсұнып Теһран өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартпайды деп мәлімдеді: “Сіздер Иран халқының 27 жыл бұрын тәуелсіздік алғанын білулеріңіз керек. Біз ядролық энергия өндіруге – Иран халқы құқылы деп санаймыз”.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG