Accessibility links

Иран жұмысшылары мен кәсіподағының тағдырына “Хьюман райтс уотч” ұйымы араша түсті


НЬЮ-ЙОРК. Бүгін адам құқын қорғайтын халықаралық “Хьюман райтс уотч” ұйымы Иран үкіметін ереуілге шыққаны үшін қамауға алынған 100-деген автобус жүргізуші мен кәсіподақтың бірнеше белсендісін босатуға шақырды. Автобус жүргізушілер 28-інші қаңтар күні кәсіподақ жетекшісі Мансур Оссанлудың тұтқындалуына қарсы ереуіл ұйымдастырған болатын. “Хьюман райтс уотч” ұйымының мәлімдеуінше, ұсталғандар ешқандай айып тағылмай қамауда отыр. Иран үкіметі Мансур Оссанлуды 22 желтоқсанда ұстап, ешбір айып тақпай, адвокатын жібермей Теһрандағы “Евин” түрмесінде қамап отыр. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де автобус жүргізушілердің бейбіт шеруін күштеп басқан Иран үкіметіне наразылық білдірді.
XS
SM
MD
LG