Accessibility links

АҚШ пен Ұлы Британия Ауғанстанға 2 млрд. доллардай қаржы бөлуге уәде берді


ЛОНДОН. Ағылшын сыртқы істер министрі Джек Строның айтуынша, Ауғанстанға арналған “Лондон конференциясының” бүгінгі жалғасы халықаралық қауымдастықтың ауған елін ұзақ мерзімге негізделген көмегінсіз қалдырмайтынын байқатты. “Бүгін конференция, деп атап көрсетті ағылшын министрі, билікке, құқықтық нормалар мен адамның құқына, әлеуметтік және экономикалық дамуына ден қояды... Пікірталастардың ауқымы мен мәні – халықаралық қауымдастықтың Ауғанстан халқына бұрын-соңды болмағандай көмек беруге дайын екенін көрсетіп отыр”. АҚШ пен Ұлы Британия Ауғанстанға 2 млрд. долларға жуық қаржы беруге міндеттенді. Ауған президенті Х.Қарзайдың айтуынша, осы күннің соңына қарай 60-тан астам демеуші елден 5 млрд. долларға жуық көмек бөлінуі мүмкін. Ауғанстан мен халықаралық қауымдастықтың ынтымақтастығы туралы “Лондон пактісіне” бүгін қол қойылуға тиіс.
XS
SM
MD
LG