Accessibility links

БҰҰ-ының бітімгершілік миссиясы Грузияда тағы 2 айға қалады


НЬЮ-ЙОРК. Қаңтардың 31-і күні БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Грузия мен одан бөлініп шыққан Абхазия республикасының арасындағы бітімді қадағалайтын шағын бітімгершілік миссиясының мандатын тағы 2 айға – 31-інші наурызға дейін бірауыздан ұзартты. Грузияға 1993-інші жылдың тамыз айында аттандырылған БҰҰ-ының 122 әскери бақылаушыдан тұратын бітімгершілік күшінің мандаты 31-інші қаңтарда аяқталды. Ресейдің бітімгершілік күші Абхазияда 1994-інші жылдан бері тұр. Грузия Ресейді бүлікшілерді қолдап отыр деп айыптап, талай рет Ұлттар Ұйымын Абхазиядағы миссиясын күшейтуге үндеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG