Accessibility links

Б.Ельцинді 75-жылдық мерейтойымен Б.Клинтон мен Н.Назарбаев құттықтайды


МӘСКЕУ. Бүгін Ресейдің бірінші президенті Борис Ельцин 75-ке толды. Бүгін Б.Ельцин 200-дей қонақтың, оның ішінде АҚШ-тың экс-президенті Б.Клинтон мен бұрынғы советтік республикалардың бұрынғы басшыларының қатысуымен өзінің құрметіне арналған салтанатты шара өтетін Кремльге барады. Ресей телеарнасына берген сұхбатында ол билікте өзі отырған мезгіл Ресей үшін ауыр кезең болды деп мойындап, бірақ тоталитарлық коммунистік жүйені қиратып, жаңа демократиялық мемлекет құруды өзінің ең маңызды үлесім деп атады. Б.Ельцин – президент болып алғаш рет сонау совет дәуірінде - 1991-інші жылдың маусымында сайланса, 1996-ншы жылы мемлекет басшысы тағына қайта отырды. 2000-ыншы жылдың дәл қарсаңында Б.Ельцин билікті сол кездегі премьер-министр В.Путинге тапсырып, тақтан өз ықтиярымен кетті.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG