Accessibility links

Экстремистік “Хамас” тобына Палестинаның жаңа үкіметін жасақтау тапсырыла ма?


ҚАЙЫР. Палестина президенті М.Аббас экстремистік “Хамас” ұйымынан Израиль мемлекетін мойындап, қантөгістен бас тартқанда ғана жаңа үкіметті жасақтауды өтінбекші. Ол жайында М.Аббастың Қайырда Мысыр президенті Хосни Мүбәрәкпен кездесуінен кейін бүгін Мысырдың ақпарат жетекшісі Омар Сулейман хабарлады. Жаңа үкіметті жасақтау мәселесі бойынша “Хамас” ұйымының жетекшілерімен жұма күні кездесуге тиісті М.Аббастың өзі әзірше сыр білдірген жоқ. Еврей мемлекетін мойындамайтын және өткен аптадағы парламент сайлауында басым дауыс алған осы ұйым өзінің жаугерлік саясатынан бас тартқысы келмейді. АҚШ пен Еуроодақ сынды әлемнің жетекші елдері егер “Хамас” қантөгістен бас тартып, Израильді мойындамайтын болса, онда Палестинаға арналған қаржылай көмегін қысқартатынын ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG