Accessibility links

Ресей президентінің энергетикалық доктринасы неден тұрады?


Соңғы кезде Ресей мен Украина, Молдово мен Грузия арасында орын алған газ бойынша дау-дамай, Ресейдің ұлттық қауіпсіздік концепциясы – 2000-мен Энергетикалық стратегиясы - 2003 арасындағы ерекше қызықты байланысты байқатқандай болды.

2000-жылы қабылданған Ресей Ұлттық қауіпсіздік концепциясы бойынша энергиядан орынды пайдалану Ресей сыртқы саясатының негізгі тетігі болып отыр екен. Ал 2020-жылға дейін жоспарланған Ресейдің энергетикалық стратегиясы Сыртқы саясаттағы жол қартасы дегенге келеді.

Бұл жөнінде «Азаттық» радиосының талдаушысы Роман Купчинскийдің зерттеулеріндегі түсініктемелер назар аударарлық. Ресей энергетика министрлігінің электрондық сайтында жазылғанындай, Ресей энергия қуаты қорларына аса бай ел. Бұл энергетикалық кешен экономикалық дамудың негізін қалап, ішкі және сыртқы саясаттағы маңызды құрал рөлін атқарады. Ал әлемдік энергетикалық базардағы Ресейдің атқарар рөлі геосаяси әсер-ықпалға ие, делінген ол сайтта.

Сондай-ақ, өткен жылдың 22-қаңтарында, Украина-Ресей газ шайқасына байланысты, президент Путин, біздің еліміз әлемдік энергетикалық базарда табиғи да, технологиялық бәсекелестік үстемдікке ие, деп ашық айтты. Үш жыл бұрын Ресейде қабылданған ол энергетикалық стратегияның нәтижесі бойынша 3 факторды атасақ орынды болар.

Соңғы жылы еселей өскен мұнай мен газ бағасы, сарапшылардың пікірінше, жақын арада тұрақтана қоймас, Батыс лаңестікпен күрес және Ирақтағы соғысты ойластырылған орынды шара деп есептейді, Иранның халықаралық аренада оқшаулана бастауы ол елдің балама түрде ЕуроАзиядағы елдерді газбен қамтамасыз ету жоспарын жоятындай түрі бар.

Бұл арада Ресей тарапынан немесе шетелдерден қандай қауіп-қатерді байқауға болады?

2000-жылы наурызда, келесі мерзімге президенттік таққа отырысымен-ақ, В.Путин Ресей федерациясының Ұлттық қауіпсіздік концепциясына қол қойды. Путинмен байланыстырылатын бұл доктрина бойынша Ресей қорғанатын халықаралық қауіп-қатер қатарына төмендегілер жатады екен. Ресей шекарасына жақын аймақтарда пайда болатын шетелдік әскери базалар мен көпсанды әскери құрамдар, Ресейдің халықаралық деңгейдегі саяси, экономикалық және әскери беделінің әлсіреуі, НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюіне орай, әскери-саяси блоктардың күшеюі және ТМД кеңістігіндегі интеграциондық үдерістің нашарлауын келтіреді.

Рас, бұл концепция жасалып жатқан кез - 1998-жылдың тамызында Ресей қаржылық дағдарыс жағдайында еді. Дегенмен, 2000-жылдарға келіп, Ресей түрлі экономикалық, қаржы дағдарысынан шыға бастады. Бұл арада Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен бірге ЕуроАзиялық экономикалық қауымдастық құрып үлгірді. Жақында оларға Өзбекстан да қосылды. Сонымен, бұл Қауымдастыққа энергетикалық саясат та қосылды. Соның арқасында Ресей, ең кемінде, Орта Азиялық аймақта жетекшілік рөлін қайта қолына ала бастағандай. Алғашқы кезде, терроршылықпен күрес науқаны кезінде АҚШ және батыспен бірге болған Ресей 2005-жылдан бастап АҚШ-тың Орта Азиядағы әскери базаларын жабуға ықпал етті. Өзбекстан Ханабадтағы АҚШ әскери базасын жапты. Алдымен, Грузияда 2003-жылы, қарашада, араға 13 ай салып, Украинада, кейін Қырғызстанда түрлі-түсті төңкерістер болып өтті.

Дегенмен Ресей, мамырдағы Әндіжан қырғынынан кейін президент И.Каримовқа жұрт күтпеген қолдау көрсетіп, дер кезінде, келесі бір төңкерістің алдын кескендей болды. Міне енді, Ресей әскери штабынан Юрий Балуевскийдің «Москоу Таймс» газетінде айтқанындай, Ресей алдымен Украинаға, кейін басқа елдерге, табиғи газдың бағасын көтеру арқылы, өз ықпалын күшпен енгізе бастады. Сондай әрекеттерімен, батысқа, НАТО-ға қарай бет бұрған елдерге ескерту жасағандай болды.
XS
SM
MD
LG