Accessibility links

Бүгін Саддам Хусейннің үстінен сот үдерісі Бағдатта қайта жалғасқан сот 13-ақпанға тағы да шегерілді


Сотқа биліктен кетірілген Ирақ елбасы Саддам Хусейннің өзі және басқа 7 жауапкер қатысудан бас тартты. Саддам Хусейн және оның көмекшілеріне адамзат баласына қарсы қылмыс жасады деген айып тағылуда. Оның ішінде жаппай кісі өлтіру де бар. Саддам және онымен бірге сотқа тартылып отырғандар мен олардың заңгерлері ақпанның 1-і күнгі сот үдерісіне келген жоқ. Қорғаушылар тобы қазіргі сот төрағасы Раоуф Абдел Рахманды бір жақты іс жүргізеді, деп айыптап, оның бұл қызметтен кетірілуін талап етіп отыр.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG