Accessibility links

Бүгін НАТО-ның бас хатшысы терроризммен күрес мақсатында Ауғаныстанның қауіпті аймақтарындағы әскери жасақтар көбейтілуі керек деген


Франциялық қорғаныс министрімен кездесуінде НАТО-ның бас хатшысы сонымен қатар, Нидерланды парламентінің Ауғаныстандағы НАТО күштерінің қатарына қосымша жасақ жіберу керек пе, жоқ па деген мәселені қызу талқылағаны жайлы да айтып өтті. Нидерландыдағы саяси пікірталастарға орай Ауғаныстандағы НАТО-ның жаңа миссиясына 1400 әскер жіберу мәселесі шешілмей келген. Соңғы хабарларға қарағанда, Нидерланды премьер-министрі ел парламенті Ауғаныстанға әскер жіберуді қолдап отыр деп мәлімдеді. Ол жасақтар НАТО күштерімен бірге Ауғаныстанда бітімгершілік орнату мен елді қайта қалыптастыру миссиясын орындайды. Дания парламенті де бейсенбі күні Ауғаныстандағы НАТО бастаған халықаралық күштер қатарына 200-ден аса жасақ жолдау жөніндегі шешім қабылдады. Данияның бүгінде Қабулда 160 әскері бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG