Accessibility links

Ирақ полициясының хабарлауынша, Бағдадта болған екі көлік жарылысынан кемінде 16 адам қаза болып, 52-ден аса адам жараланған


Ресмилердің айтуынша, бомба қойылған бір көлік газ бекетінің жанында, екіншісі Бағдадтың әл-Амин ауданындағы базарда жарылған. Бұнымен қатар, АҚШ әскерлері бүкіл Ирақ бойынша сәрсенбі күні бес американдық жауынгер қаза болғанын айтып отыр. Сонымен қоса бейсенбіде АҚШ жасақтарымен жергілікті шиит жасақтарының арасында қақтығыс болып, кемінде бес ирақтық мерт болған. Ирақ полициясының хабарына қарағанда, Бағдадтың шығысынан 16 адамның өлі денесі табылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG