Accessibility links

БҰҰ-ның Атом энергетикасы жөніндегі агенттік басшысы Мохамед Ел Барадей Иранның халықаралық қауымдастықтың сеніміне әлі де ие болу мүмкіндігі бар деп мәлімдеді


Оның пікірінше, Иран мәселесі үшін бұл шешуші кезең, бірақ дағдарысты жағдай емес. Сондықтан мәселені әлі де дипломатиялық жолмен шешу ең дұрыс қадам болмақ. Сонымен қатар, Ел Барадей Иранның өткен айда уран байытуды қолға алуы халықаралық сенімді қалыптастыруға жол ашпайды деген. Ел Барадей бұл мәлімдемелерді Венада Иранның ядролық бағдарламасына байланысты өтіп жатқан Халықаралық Атом энергетикасы жөніндегі агенттік МАГАТЭ-нің арнайы отырысында айтқан. Бұл отырыс жабық есік жағдайында өтті. Агенттік өкілінің хабарлауынша, отырыс бүгін де жалғасады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG