Accessibility links

Қайыр қаласынан хабарланғанындай, Қызыл теңізде 1300 жолаушымен келе жатқан Мысыр кемесі апатқа ұшырады


Бұл арада Сауд араб елі мен Мысырлық кемелер және тікұшақтар теңізде «Салаам-98» кемесін іздестіріп, аман қалғандарды құтқару шарасына кірісті. Кеме Дюба теңіз айлағынан шығып, Сауд Араб елінің батысында, бейсенбі күні, жергілікті уақытпен кешкі сағат 7-лерде радар экранынан жоғалған. Соңғы сәтте алынған хабарларға қарағанда, тікұшақтан құтқарушы қайықтағы кісі денелерін байқаған. Ол кеме Мысырдың оңтүстігіндегі Сафаға теңіз айлағына бүгін таңертең жетуі тиіс болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG