Accessibility links

Грузия президенті Михаил Саакашвили жұма күні НАТО-ның өз елін құрамына қабылдауға шақырды


Ол бұл мәлімдемесін Мюнхенде ашылған үш күндік қауіпсіздік жөніндегі конференцияда жасап, Грузияның Солтүстік Атлантикалық одақ құрамына енуі екі жаққа да тиімді болады деген. Саакашвилидің сөзіне қарағанда, халқының 80 пайызы НАТО-ға кіруді қолдайды. Мюнхен конференциясының күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі - Иранның ядролық қару бағдарламасы, терроризммен күрес және НАТО-ның келешегі туралы болып отыр. Мұнда АҚШ және Ресей қорғаныс министрлерінің баяндамасы да тыңдалады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG