Accessibility links

БҰҰ жанындағы Атом энергетикасы жөніндегі агенттік МАГАТЭ-нің отырысында Иран мәселесін ядролық бағдарламасына байланысты Қауіпсіздік Кеңесіне беру жөнінде нақты шешім қабылданбады


Агенттік өкілінің айтуынша, бұл жағдай сенбі күні тағы қаралатын болады. Венада отырысқа қатысып жатқан Қытай сыртқы істер министрі Ли Чжаосин, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты шешу жолында Бейжин халықаралық қауымдастықпен бірге жұмыс істейді деген. Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Хавьер Солана Иран мәселесін Қауіпсіздіу Кеңесіне жіберу мәселесіне дауыс беруде Қытай Еуро Одақпен бірігеді деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG