Accessibility links

Мысырдың көлік министрлігінің мәлімдеуінше, суға батқан кемеде болған 314 адам құтқарылып, тағы 185 адамның денесі табылған


Мысырдың ішінде 1400 жолаушы бар кемесі жұмаға қараған түнде Мысырдың Сафага портынан 70 шақырымдай жерде Қызыл теңізге батып кеткен еді. Бұл 35 жылдық кеменің не себептен теңізге батқаны әлі анықталмады. Бірақ, Сауд Арабиясының Дуба портынан шыққан кезде қатты жел соғып тұрғаны да айтылуда. Жолаушылардың көбі Сауд арабиядан келе жатқан мысырлық жұмыскерлер мен қажылықтан оралғандар болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG