Accessibility links

Мысырдың Сафага портында сенбі күні Қызыл теңізге батып кеткен мысырлық кемеде болған жолаушылардың туыстары мен полиция арасында қақтығыс болды


Суға кеткен жолаушылардың жүздеген туыстары өздерін кемежайға жібермей қойған полицияға тас лақтырып, жаман сөздермен балағаттады. Олар апатты жағдайдың қалай болғаны және жоғалғандардың тағдыры туралы ақпараттың толық-қанды болмай жатқанына ашу танытты. Пайдалануда 36 жыл болған ол кеме жұма күні үстіндегі 1400 жолаушысымен суға батып кеткен болатын. Соңғы ақпараттарға қарағанда, теңіздегі сол апаттан 378 жолаушы құтқарылыпты, ал жүздеген адамның қаза болу мүмкін деген болжам айтылуда. Мысыр президенті Хосни Мүбарак бұл апатта қауіпсіздік жағдайы қаралмағаны көтеріліп жатқан соң, оқиғаның неден болғанын зерттеуге нұсқау берді. Іздеу мен құтқару шаралары жалғасып жатыр, бірақ суық су мен акулаға толы теңізде олардың аман қалуына үміт аз.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG