Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш Иран мәселесін Қауіпсіздік Кеңесінде қарауға МАГАТЭ-ге мүше 35 елдің 27-сінің дауыс беруі - дүниежүзіне Теһранның ядролық қаруын дамытуға рұхсат берілмейді деген жолдауды ашық жеткізу болып отыр деп мәлімдеді


Оның алдында ғана МАГАТЭ Иранның ядролық бағдарламасы атом қаруын дамытуы мүмкін деген күдік танытып, Иран мәселесін Қауіпсіздік Кеңесіне беру жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бұл шешіммен Иран мәселесі Қауіпсіздік Кеңесінде қаралса, Иранға қарсы санкциялар салынуы мүмкін. Ал, осы хабардан кейін, Иран президенті Махмуд Ахмединежед өз елінің уран байытуды қолға алып, Теһрандағы атом нысандарына БҰҰ-ның инспекторларын жібермеу жөнінде нұсқау берді. Президенттің бұл нұсқауы Иранның мемлекеттік телеарнасы арқылы хабарланды.
XS
SM
MD
LG