Accessibility links

Халықаралық атом қуаты агенттігі МАГАТЭ-нің басшылығы Ирандағы ядролық бағдарлама жөнінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде есеп берілуі тиіс деп шешті


Алғашқыда, Венадағы келіссөздер кезінде, жұма күні-ақ шешілуі тиіс болған бұл мәселе ЕуроОдақ пен дамушы елдер арасында қарау, оның мәтініне байланысты дау кесірінен, кейінге шегерілген болатын. Міне енді соңғы шешімге орай, Иран наурыз айына дейін Атом агенттігімен өзара келісіп қызмет жасайды, ал олай болмаған жағдайда Иранға шара қолданылып, тіпті БҰҰ-ның санкциясы жариялануы мүмкін. Иран президенті Ахмединежат болса «біз ядролық бағдарламадан бас тартпаймыз, бірақ оны бейбіт мақсаттарда ғана пайдаланамыз» деп отыр. Дегенмен АҚШ пен ЕуроОдақ Иран ядролық қарулар жасамақшы деген күдігін айтады.
XS
SM
MD
LG