Accessibility links

АҚШ әскері тұтқында отырған Ирақ әйелдерін босатпай отыр


БАҒДАД. Бүгін Ирақтағы АҚШ әскері жоспарлы түрде тұтқында отырған 50 адамды босатты. Бірақ олардың ішінде бірде-бір әйел болмады. Тұтқында отырған Ирақ әйелдері - әсіресе өткен айда экстремистердің америкалық журналист әйел Джилл Кэрролды ұрлап алып кетуінен бері үлкен мәселеге айналды. Экстремистер АҚШ әскерінің тұтқынында отырған барлық Ирақ әйелі босатылмайтын болса, әлгі әйелді өлтіретінін ескертті. Бүгін, сондай-ақ, Бағдадтың солтүстігінде оққа ұшып өлген 2 ер кісінің мәйіті табылды. Полицияның хабарлауынша, үстіне киген қара киіміне қарағанда, олар шийттердің Ашура мерекесіне бармақ болса керек.
XS
SM
MD
LG