Accessibility links

“Мюнхен конференциясының” ең өзекті тақырыбы – Иранның “ядролық ісі”


МЮНХЕН. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Иванов терроризмге қарсы күрестің бірегей халықаралық майданын құруға шақырады. Қауіпсіздік мәселесі бойынша бүгін Мюнхенде өтіп жатқан конференцияда сөйлеген орыс министрі дүние жүзі қауымдастығын терроризмге қарсы заңдылықтарды жетілдіруге үндеді. Сонымен қатар С.Иванов, оның өз пікірінше, терроризмге қарсы күресте бірқатар елдің қолданып отырған “екіұшты стандартын” өткір сынға алды. Ресейдің қорғаныс министрі оған мысал ретінде Ирақ пен Чешенстандағы ахуалдың әрқилы бағалануын келтірді. Халықаралық қауіпсіздік - ең басты тақырыбы болып отырған “Мюнхен конференциясына” 50 елдің жоғары лауазымды өкілдері қатысуда. Бұл жолы ең басты назар Иранның “ядролық ісіне” аударылып отыр.
XS
SM
MD
LG