Accessibility links

“Хамас” тобы Израильді жою райынан қайтпаса, Израиль қаржы беруін доғарады


ТЕЛЬ-АВИВ. Бүгін Израильдің құрылыс және қоныстандыру министрі Зеев Боим 55 млн. доллардай салықты Палестинаға беретінін хабарлады. Бұл қаржы Палестинадағы соңғы парламент сайлауында экстремистік “Хамас” тобының жеңіске жетуіне байланысты уақытша кідіртілген болатын. З.Боимның айтуынша, “Хамас” үкіметті әлі жасақтаған жоқ, ал жаңа үкіметті жасақтаған күнде, Израильді жою мақсатынан бас тартпайтын болса, онда қаржы қайтып берілмейтін болады. “Хамас” үкіметті алдағы апталарда жасақтауға үміттенеді. Қазіргі бітім шартына сәйкес, ай сайын Израиль миллиондаған доллар кеден салығын жинап, оны Палестинаға беріп отырады. Израильдің қаңтар айындағы осы қаржыны кідірткені Палестина үкіметін араб елдерінен шұғыл көмек сұрауға мәжбүр етті.
XS
SM
MD
LG