Accessibility links

Вашингтон Иранды қысымға алу үшін кең халықаралық коалиция құруды көздеп отыр


ТЕҺРАН. Бүгін халықаралық қауіпсіздік мәселесі бойынша Мюнхенде өтіп жатқан конференцияда Ресейдің қорғаныс министрі С.Иванов Иранның ядролық проблемасына ұзақ дипломатияны қолдануға шақырып, егер бұл елден халықаралық инспекторлар қуылатын болса, ол “өте жаман белгі” деп атап көрсетті. Осы күні Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақи ресми Теһранның атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігімен өз ықтияры бойынша ынтымақтасудан бас тартатынын, яғни Иранның уранды байыту өндірісін қайта іске қосып, МАГАТЭ инспекторларының ядролық нысандарды тексеруіне қайтып рұқсат бермейтінін мәлімдеді. Кеше МАГАТЭ басқармасының Кеңесі Венада Иранның “ядролық ісін” наурыз айында БҰҰ-ының қауіпсіздік Кеңесіне беру керектігі айтылған Қарарды мақұлдады. Бүгін “Мюнхен форумында” АҚШ-тың лауазымды өкілі Иранды қысымға алу үшін Вашингтон кең халықаралық коалдиция құруды көздеп отыр деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG