Accessibility links

Иран елі ядролық бағдарламасына байланысты БҰҰ-ның шектеу қою мәселесін тоқтатты


Иран сондай-ақ уранды байыту ісін қайта жаңғыртатындығын мәлімдеді. Бұл жаңалыққа орай мұнайдың әлемдік бағасы 73 центке күрт көтеріліп кетті. Иранның осы шешімінен бір күн бұрын ядролық бағдарламаға байланысты Иранға қатысты сауал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына тапсырылған болатын. Ресми Техранның бұл қадамдары мәселенің ушығуына алып келеді, дейді дипломаттар. Алайда, Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов мәселені дипломатиялық жолмен шешуге шақырып отыр. Ядролық технология тек электр қуатын өндіру үшін қажет, деп келеді ресми Техран.
XS
SM
MD
LG