Accessibility links

Мұхаммед ғ.с. пайғамбардың бейнесі деп жарияланған сайқымазақ суреттерге орай мұсылман елдерінде наразылықтар одан әрі жалғасуда


Ливан астанасы Бейрут қаласында мыңдаған шерушілер Дания дипломатиялық қызмет мекемесіне жексенбі күні от қойды. Бұдан бұрын ол шерушілер елдің қауіпсіздік күштерімен шайқасқан болатын. Одан кейін олар негізінен христиан өкілдері тұратын аудандардағы шіркеулер мен сауда орындарына және көліктерге шабуыл жасады. Дамаскідегі Дания және Норвегия елшіліктеріне от қойылуына байланысты Сирия Сыртқы істер министрлігі өкініш білдірді. Құрама Штаттар мен Еуропа одағы және НАТО ұйымы бұл қадамдарды айыптады. Данияда үш мыңға жуық шерушілер суреттердің жариялануына орай өзара келісімнің қайта орнығуына шақырды. Ислам конференциясы ұйымы өз кезегінде Дания Сыртқы істер министрімен кездесуге келісті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG