Accessibility links

“Құс тұмауының” ізі – Ирақтың күрдтер мекендейтін аймағынан табылып отыр


АРБИЛЬ. Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Ирақ Күрдістанында 7 адамға “құс тұмауы” жұқты ма деген күдік туғанын хабарлады. Осы Ұйымның Ирақтағы өкілі Наима Әл-Гассирдің мәлімдеуінше, “құс тұмауының” аса қауіпті H5N1 вирусы жұқты деп күдік туғызған әлгі 7 адамның қаны Қайырға зертханаға жіберілді. Қаңтар айында Күрдістанда осындай вирус жұққан 15 жасар қыз көз жұмды. Дәл осы H5N1 вирусынан соңғы 3 жылда негізінен Азия елдерінде 80-нен аса кісі қаза болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 8 кісіден тұратын сарапшылары қазіргі ахуалды бағалау үшін Күрдістанның әкімшілік орталығы – Арбиль қаласына келді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG