Accessibility links

АҚШ Сенаты президент Дж.Буштың “тыңшылық бағдарламасын” заңға қайшы деп санайды


ВАШИНГТОН. Бүгін АҚШ Конгресі Америка азаматтарының телефондарын астыртын тыңдап, электрондық хаттарын оқу туралы даулы бағдарламасына байланысты президент Дж.Буштың әкімшілігін тергеуге алмақшы. Америка заңдарының атқарылуын қадағалауға жауапты ең басты ресми тұлға болып табылатын Бас прокурор Альберто Гонзалес – АҚШ Сенатының заң жөніндегі комитетінде бүгін өтетін тыңдауға шақырылған бірінші адам. Аталған комитеттің Республикалық партиядан сайланған төрағасы Арлин Спектр кеше әлгі “тыңшылық бағдарламасы” ондай іс-әрекетті соттың мақұлдауы керек деген АҚШ заңына қарама-қайшы келеді деп санайтынын мәлімдеді. Өз кезегінде Ақ үй тыңшылық бағдарламасын “лаңкестік шабуылдардың алдын-алу үшін қажет” және ол “лаңкестермен байланысы бар күдіктілерге ғана арналған” деп қорғап отыр.
XS
SM
MD
LG