Accessibility links

Палестина автономиясының мемлекет қазынасындағы ұрлық жанжалы ұлғая түсті


РАМАЛЛА. Палестина автономиясының мемлекеттік қадағалаушысы Ахмад Әл-Маухани тергеу барысында қазнада соңғы бірнеше жыл ішінде із-түссіз жоғалған 700 млн. доллардың жетіспейтіні аңғарылды деп мәлімдеді. Рамаллада өткізген баспасөз-маслихатында ол бұл қаржының көлемін шамалап айтып отырғанын мойындап, оның анық-қанығы тергеудің соңында мәлім болатынын атап көрсетті. Палестина баспасөзінің хабарлауынша, қаржылық және әкімшілік жемқорлыққа шатысы бар 25 ресми тұлға тұтқындалып, 10-ы – шетелдерге қашқан. Жуырда Еуроодақ “бюджет тәртібі қанағаттандырмайды” деген уәжбен Палестинаға арналған 35 млн. еуро қаржыны бермей кідіртті.
XS
SM
MD
LG