Accessibility links

Amnesty International: “Гуантанамодағы соғыс түрмесі жабылуға тиіс!”


ВАШИНГТОН. Адам құқын қорғайтын халықаралық “Amnesty International” ұйымы АҚШ үкіметін Куба аралында орналасқан Гуантанамо әскери базасындағы соғыс түрмесін жабуға шақырады. Аталған ұйым табанды түрде “лаңкестікпен шұғылданды” деп айыпталғандарды не соттау керек, не бостандыққа жіберу керек деген талап қояды. “Amnesty International” ұйымының бүгін жарық көрген мәлімдемесінде айтылғандай, Гуантанамодағы отырған 500-дей тұтқынның кем дегенде 10-дағаны аштық жариялап, талайы өзіне-өзі қол жұмсап өлмек болған. Таяуда АҚШ президенті Дж.Буш: “Бұл түрме – АҚШ халқын қорғау үшін керек” және “...онда тұтқындарға жылы қарайды”, деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG