Accessibility links

МАГАТЭ-мен қатынасын үзгенімен Иран Ресеймен арадағы келіссөзін жалғастыра береді


ТЕҺРАН. Бүгін Иран парламенті жабық отырысында елдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалды талқылайды. Халықаралық МАГАТЭ агенттігі Иранның “ядролық ісін” наурыз айында БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру мүмкіндігі айтылған Қарарды мақұлдауынан кейін кеше - жексенбі күні Теһран осы агенттікпен арадағы қарым-қатынасын үзетінін мәлімдеді. Сонымен бірге ресми Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзден бас тартпайтынын, оның ішінде – уранды өзінің жерінде байытуды ұсынған Мәскеумен арадағы келіссөзін әрі қарай жалғастыратынын атап көрсетті. Бүгін Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кисляк келіссөздің 16-ншы ақпанда жалғасатынын растады. Иранның маңайындағы қалыптасқан осы ахуалға байланысты Азия құрлығындағы бүгінгі сауда барысында 1 баррель мұнайдың бағасы 1 долларға дейін қарғып, 66 доллар 34 центке дейін көтерілді.
XS
SM
MD
LG