Accessibility links

Келемеж суреттерге қарсы наразылық бүкіл ислам елдерінде бой көтеруде


КАБУЛ. Газет беттерінде Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттердің шығуына қарсы бүгін бүкіл Ауғанстанда наразылық толқыны көтерілді. Елдің шығысындағы Лағман өлкесіндегі наразылық шеруінің екінші күні полиция халықты қуып таратпақ болып көкке оқ атты, халық полицияны таспен атқылады. Келіп түскен хабарға қарағанда, өлкенің әкімшілік орталығы Миһтарлам қаласында шеруге шыққан 1 кісі қаза болып, 4 адам, оның ішінде поллиция қызметкері жараланды. Жиналған халық Данияның Кабулдағы елшілігін жабуды және Ауғанстандағы Дания күштерін қуып шығаруды талап етті. Осындай наразылық толқулары Кабул, Кандагар, Мазари-Шариф және т.б. қалаларда болды. Ар-намысы қозған мұсылмандар Азияның өзге елдерінде, оның ішінде Индонезия мен Тайландтағы Дания елшіліктерін қоршап алды. Өз кезегінде Данияның сыртқы істер министрлігі өткен 2 күннің ішінде Дамаск пен Бейруттағы елшіліктерінің қиратылуына байланысты өз азаматтарын 2-ден 16-ға жуық ислам еліне сапарға барудан бас тартуға шақырды. Мұсылмандардың ортақ пікірінше, Құдайға тіл тигізетін келемеж суреттер алғаш рет дания газетінде басылып, көп кешікпей Франция мен Германияның, сондай-ақ тіпті Малайзия мен Аустралияның мерзімді басылымдарында қайта жарық көрді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG