Accessibility links

Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттерге қарсы наразылыққа К.Аннан наразы


НЬЮ-ЙОРК: Бірқатар Еуропа елінің мерзімді басылымдарында Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттердің басылып шығуына байланысты Ливан мен Сирияда бой көтерген жаппай наразылық шерулері мен тәртіп бұзушылыққа БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан наразы болды. К.Аннан мұсылмандардың ашу-ызасын түсінетінін, бірақ зомбылықты, әсіресе әлгіндей келемеж суреттердің шығуына жауап бермейтін адамдарға қарсы зомбылықты ақтауға болмайтынын атап көрсетті. Жексенбі күні Бейрут қаласында шеруге шыққан халық Дания елшілігін өртеп жіберді. Осы жайттың салдарынан Ливанның ішкі істер министрі Хасан Сабих қызметінен кетті. Сенбі күні наразылық шеруі Сирия астанасы – Дамаск қаласында бой көтеріп, Дания мен Норвегия елшіліктері талқандалды.
XS
SM
MD
LG