Accessibility links

Шийттердің “Ашура” мерекесіне 1 миллионнан астам дәндір барады


ҚАРБАЛА. Шийт мұсылмандарының ең қасиетті “Ашура” мерекесіне бару үшін 10-даған мың діндәр бүгін Ирақтың оңтүстіктегі Қарабала қаласына қарай беттеп келеді. Ресми биліктің хабарлауынша, Қарабаладағы әулие Хусеиннің азаптан құрбан болуына арналған “Ашура” мерекесіне 1 миллионнан астам адам келуге тиіс. Өткен жылғы шараның қантөгіспен аяқталуына байланысты қалада қауіпсіздіктің төтенше шаралары қабылданды. Ал Басра қаласында полиция қызметкерлері өздерінің ұсталған үзеңгілестерін дереу босатуды талап етіп АҚШ пен Англия консульдігінің сыртына жиналды. Осыдан 2 аптадай бұрын британ әскері жергілікті полицияның ішіндегі жемқорлықпен күресу мақсатында 14 полицейді қамаған болатын. Олардың 9-ы босатылды.
XS
SM
MD
LG