Accessibility links

Иран Ресеймен арадағы келіссөзін жалғастырады, бірақ.... МАГАТЭ инспекторларын елге жібермейді


ТЕҺРАН. Бүгін Иран халықаралық МАГАТЭ агенттігіне өзінің уранды байыту өндірісін қайта іске қосу жоспары барлығын ресми түрде хабарлады. Ол жайында бүгін Иранның ресми өкілі Әли Лариджаниді сілтеп көрсеткен ISNA агенттігі хабарлайды. Оның алдында ғана бүгін Иран парламенті өзінің жабық отырысында МАГАТЭ басқармасы кеңесінің Иранның “ядролық ісін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру мүмкіндігі қарастырылған Қарарды мақұлдауын талқылады. Сонымен бірге ресми Теһран уранды өз жерінде байытуды ұсынған Мәскеумен арадағы келіссөзін әрі қарай жалғастыратынын мәлімдеп, бірақ МАГАТЭ-нің елдегі инспекторларының құзырын шектейтінін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG