Accessibility links

Мұхамед Пайғамбар карикатурасы дауының барысында Ауғанстанда бір адам қаза тапты


Ауғанстанда біраз жұрт Мұхамед Пайғамбарды күлкі қылған суреттерге наразылық танытып, бүгін НАТО-ның бітімгершілік жасағы сарбаздарымен қақтығысты. Жүздеген адам Маймана қаласында Норвегия жасағының базасын таспен атқылады. Провинция губернаторы Мұхамед Латиф ереуілшілер солдаттарға оқ атты, граната лақтырды, бұдан соң Норвегия сарбаздары қарымта оқ атты дейді. Ереуілшілердің біреуі қаза тапты, екеуі жараланды. НАТО жасағының өкілі сарбаздарымыз жас ағызатын газ қолданды, оқ атқан жоқ, норвегиялық сарбаздардың арасында ешкім жараланған жоқ деді. Ел астанасы Қабулда наразы жұрт Дания өкілеттігіне және Дүниежүзілік банк кеңсесінің маңында тас атты. Полиция күш қолданды, бірнеше адам жараланды, бірнеше адам қамауға алынды.
XS
SM
MD
LG