Accessibility links

Мұсылмандар диалогқа шақырылды


Мұхаммед Пайғамбарды күлкі қылған суреттерге байланысты наразылықтар жалғасуда. Ислам конференциясы ұйымы, БҰҰ және Еуропалық Одақ ол суреттерге байланысты туындап отырған мәселені диалог арқылы шешу керек деп үндеу жариялады. Аталған үш ұйым, карикатуралардың Мұсылман әлеміне ауыр тигенін және мұсылмандардың ашу-ызасын түсінеміз, бірақ соңғы күндерде орын алған зорлық-зомбылық шектен шығып кетті дейді. Дания премьер-министрі бұл толқуларды ғаламдық дағдарыс деп атап, наразылық танытушыларды тынышталуға шақырды. Радикалды исламшыл топтар бұл дағдарысты пайдаланып, өздерінің мүдделерін алға тартуда, - деп ескертті Дания премьер-министрі. Ол карикатураларды алғашқы рет бір Даниялық газет қыркүйек айында басып шығарған болатын.
XS
SM
MD
LG