Accessibility links

Денсаулық сақтау министрлігі медицина ғылымын түбегейлі реформаламақ


Қазақстанда медицина және фармацевтика салалары түбегейлі реформалауды қажет етеді. Мұндай тұжырымды денсаулық сақтау министрлігі айтып отыр. Олар жүргізілген зерттеулер нәтижесіне сүйеніп, қазірде елде медицина ғылымына бой ұратын жастар өте аз екенін айтады. Қазақстанда медицина ғылымы докторларының орта жасы 58-ді құрап отыр екен. Сондықтан денсаулық сақтау саласындағы ендігі міндет медицина саласы бойынша жас мамандарды көптеп шетелге жіберу мәселесі тұр екен. Алайда медицина саласында жұмыс істеп жатқан жас мамандар шетелге барып білімді жетілдіру қол жетпейтін арман деп біледі.

Медициналық және фармацевтикалық ғылымды реформалау үшін республикалық бюджеттен үш жылға 165 миллиард теңге қаржы бөлінген. Денсаулық сақтау вице-министрі Айқан Ақанов медициналық ғылымды дамыту үшін алдымен жас мамандарды шетелге оқытуға мүмкіндік жасалып отыр дейді. Мысалы вице-министрдің сөзіне қарағанда өткен жылдың өзінде 200-ге жуық фармацевт қызметкерін шетелдердің әртүрлі орталықтарына тәжірибе алмастыруға жіберген. Енді алдағы уақытта 30-ға жуық адамды шетелге оқуға жіберетін ойымыз бар, – дейді Денсаулықсақтау министрінің орынбасары Айқан Ақанов.

Алайда Астананың орталық емханасының невропотолог дәрігері Амангелді Иманов осы уақытқа дейін өзімнің салам бойынша, шетелдерде білімімді тереңдетуге әрекет жасадым, бірақ түк шықпады, дейді:

– Мен шетелге барып оқығым келеді. Бірақ мен ондай мүмкіндік жоқ. Қалалық департаментке өтініш жазғанбыз. Бірақ түбінде болмайтын болып шықты. Басында өздері барлық қызметкерлерді жинап алып, кімнің шетелге оқығысы келеді деп сұрады, соңында ешқайсымыз да бармайтын болып шықтық. Менің ойымша, көбінесе жоғары жақтағылар шетелге оқуға өздерінің таныстарын жіберетін сияқты, – дейді дәрігер Иманов.

Бүгінде Қазақстанда денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын 20-ға жуық ғылыми-зерттеу ұйымы бар екен. Бірақ соған қарамастан қазір жастарда ғылымға деген қызығушылық өте аз дейді, – Денсаулық сақтау вице-министрі Айқан Ақанов. Оның айтуынша, медицина ғылымы докторларының орта жасы 58-ді құрайды.

Невропотолог Амангелді Иманов денсаулық сақтау вице-министрінің жас мамандардың ғылымға бет бұрмай отыр дегінмен келіседі. Бірақ Амангелді Иманов мұны дәрігерлер арасында өзінің мамандығына селқос қарайды екен деп түсінбеу қажет дейді. Оның сөзіне қарағанда медицина саласында білім алған жастар ізденіп, өздерінше жаңалық ашқысы келеді. Бірақ ол арманның бәрі ақшаға келіп тіреледі дейді, – дәрігер Амангелді Иманов.

Сонымен бірге денсаулық сақтау министрлігі медициналық жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың деңгейі төмен екендігін жасырмайды. Оның сөздеріне қарағанда өткен жылы 420-ға жуық әдістемелік құрал жарық көрген. Бірақ олардың бірінде де керемет жаңалық жоқ, – дейді денсаулықсақтау вице-министрі Айқан Ақанов.

Астанадағы Медициналық Академияның оқытушысы Майра оқулықтардың ескіргенін айтады. Оның айтуынша, кейде олар Кеңес Одағы кезіндегі оқулықтарды қолданады, студенттерде оқулықтар жетіспейді екен.

Ал дәрігер Амангелді Иманов медицина саласы бойынша білімнің сапасын көтеру үшін оқытушылардың айлық-жалақылары кем дегенде 1000 АҚШ доллары шамасында болуы керек, дейді.
XS
SM
MD
LG