Accessibility links

Бүгін Қырғызстанның Қауіпсіздік Кеңесі жабық есік жағдайында жиналыс өткізді


Сәрсенбі күні президент Құрманбек Бакиев қауіпсіздік саласының екі өкілін қызметінен алған болатын. Олар - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Вясеслав Хан мен Ұлттық Қауіпсіздік Қызметі басшысының бірінші орынбасары Әбдіжалил Жамалов. Қауіпсіздік кеңесі ұлттық армияны, полиция мен қауіпсіздік агенттіктерін өз бақылауына алған. Бүгінгі отырыста сыбайлас жемқорлықпен, ұйымдасқан қылмыспен күрес және елдегі түзеу мекемелеріндегі жағдайды реттеу мәселелері қаралды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG