Accessibility links

Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко референдумда дауысқа салынатын ел Конституциясының жаңа жобасын жасауды ұсынды


Президент Ющенко ол ұсынысын заң шығарушыларға арнаған өзінің жылдық жолдауында айтты.

“Мен халықтан келген шынайы саяси реформаларды жүзеге асыру үшін келесі жұмыс жоспарын ұсынамын. Конституциялық комиссия құрып, Украинаның жаңа конституциясын жасау жолында оның құрамында үкіметтік емес ұйымдар жергілікті әкімшіліктер мен зерттеуші сарапшылар болуы керек және ол жобаны жалпы халықтық талқыға салып, конституциялық комиссия оны ұлттық референдумға ұсыну қажет”, - деді президенті Ющенко.

Бұл жаңа Конституция келешекте атқарушы билікті күшейтетін болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG