Accessibility links

Ресми Вашингтон Ресейден “Хамас” басшыларын Мәскеуге шақыру жоспарын түсіндіруді сұрады


МАДРИД. Ресей президенті Владимир Путин жақын арада палестиналық жауынгер “Хамас” тобының жетекшілерін Мәскеуге шақыратынын айтты. Палестинада өткен парламент сайлауында “Хамас” тобы жеңіске жеткен болатын. Испанияға сапары барысында Путин мырза әлем елдері “Хамастың” жеңісін құрметтеуге тиіс деді.

“Палестина халқының таңдауын құрметтей отырып, Палестина автономиясының жетекшілігіне келген саяси топтар мен бүкіл халықаралық қауымдастық және Израиль үшін қолайлы болатын шешімдерді іздеп көруіміз керек. “Хамас” ұйымымен байланысымызды сақтай отырып, сол шешімдерді қарастыру үшін біз жақын арада осы ұйымның басшыларын Мәскеуге шақырмақшымыз”, - деді Путин.

Ал Газадағы “Хамас” өкілі Исмаил Ханиеһ, егер топтың жетекшілері Мәскеуге ресми түрде шақырылса, онда олар Ресейге қуана барады деп жауап берді. АҚШ пен Еуропалық Одақ “Хамас” тобын лаңкесттік ұйым деп есептейді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Шон МакКормак Ресейден “Хамас” басшыларын Мәскеуге шақыру жоспарын түсіндіруді сұрады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG