Accessibility links

10 ақпан күні Туринде ХХ қысқы олимпиада ойындары басталады

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Жиырмасыншы мәрте жалауы көтеріліп отырған ақ олимпиадаға бұл жолы қатысуға ниет қылған қазақстандық спортшылардың байрақты бәсекеде жүлделі болатындығына сенім артқандар да, күмәнмен қарап отырғандар да бар.

Туриндегі ақ олимпиадада қазақстандық спортшылар бұл жолы табыссыз болмауға тиіс дейді ҚР Мәдениет,ақпарат және спорт министрлігі спорт комитеті баспасөз бөлімінің қызметкері Зада Кеңесбаева. Оның айтуынша, бұл ХХ қысқы олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстанның мемлекеттік туын хоккейшілер командасының капитаны Александр Корешков көтеріп шығады. Ал қазақстандық спортшылар арасында жарыс жолына бірінші болып 20 шақырымдық қашықтыққа биатлоншы Александр Червяков шықпақ. Сондай-ақ жарыстың бірінші күні 11-ақпан күні қазақстандық спортшы қыздар фристайлдан, конькишілер және шаңғымен секірушілер медальдарды сарапқа салады. Дегенмен спорт комитетінің қызметкерлері Қазақстаннан нақты қанша спортшы қатысатындығы мен басқа да сұрақтарға толыққанды жауап бермеді. Тек қазақстандық спортшылар қысқы спорт ойындарының бірнеше түрінен бағын сынайды дейді спорт комитеті баспасөз бөлімінің қызметкері Зада Кеңесбаева.

Дегенмен спорт саласының сарапшысы Арсен Саттар қазақстандық спортшылардың ақ олимпиадада жүлдесіз болатындығының көрінісіндей онда қазақстандық спорт жанкүйерлері көптеп тартылмады дейді.

Алайда республикалық «Спорт КS» газетінің бас редакторы Ғалым Сүлеймен Қазақстанда қысқы спорт түрлері дамымады дегенмен Туриндегі ақ олимпиадада қазақстандық спортшылар табыссыз болмауға тиіс дейді.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Альберт Сайфуллин қала әкімі Иманғали Тасмағанбетов Турин олимпиадасына тәжірибе жинақтау үшін арнайы қатысып отырғандығын айтады. Және де Туриндегі ақ олимпиаданың жалғастырушысы Алматы қаласы болмақ деген үміттеміз дейді ол.
XS
SM
MD
LG