Accessibility links

Мәскеу Түркіменстан орыстарына араша түсіп жатыр


Ресей сыртқы істер министрлігі Түркіменстанда 100 мыңдай адамның зейнетақыларынан айырылғандарына алаңдаймыз деді. Кеше жарияланған мәлімдемеде Түркіменстандағы жаңа зейнетақы заңы мыңдаған орыс азаматына кері әсерін тигізеді деп айтылды. Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязов зейнетақылардың қысқаратуын 25 қаңтарда жариялаған, ресми себеп ретінде зейнеткерлердің тізімдерінде кезінде қате кеткен деп айтылды. Сын айтушылар елдің зейнетақы қорында ақша таусылды дейді. Адам құқықтарын қорғаушылар бір ғана зейнетақыға қарап отырған түркімен жанұялары енді талай қиындыққа тап болады дейді.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG