Accessibility links

Беларус президент сайлауы тағы да бұрмаланатын көрінеді


Сөз бостандығын қорғайтын халықаралық ұйымдар Беларус президенттік сайлау науқанында баспасөз еркіндігі қамтылмай отыр деп мәлімдеді. Дауыс беру күні 19 наурызға белгіленген. Мәскеуде кеше өткен баспасөз мәслихатта "Журналистерді қорғау комитеті" америкалық ұйымның өкілі Алекс Люпис президентікке кандидаттар туралы сайлаушылар ешқандай тәуелсіз ақпарат ала алмай отырған жағдайда сайлауды шынайы деп тану мүмкін емес деді. Беларус "Народная воля" оппозициялық газетінің редакторы Светлана Калинкина үкімет қаржылай қысым жасап, тәуелсіз баспасөздің қызметін тоқтатып жатыр деді.
XS
SM
MD
LG